Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Қазақстанға келгендегі Путиннің түрін талқылады: Ресей президентінің бет-әлпетіне не болған

Желі қолданушылары Қазақстанға келген Путиннің бет-бейнесін талқыға салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей басшысының қарсыластары Путиннің вирусты видеосында бір жақ бетінің қатты ісінгенін алға тартты. 

Путинді бейсенбі күні Астана әуежайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Мемлекет басшыларының келіссөз жүргізу барысындағы видеоларының бірінен желідегілер Путиннің бір жақ бетінен ісіну байқаған. Олар мұны косметологиялық араласудың әсері деп болжаған.

Небәрі төрт секундтық видео бейсенбі күні 1 миллионға жуық қаралым жинаған. Видеоның қашан түсірілгені белгісіз, алайда бейнежазба Кремльге тиесілі екені анық.

Украинаның ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Антон Геращенкодан "Путиннің жағына не болған?"деп сұрады. 

Кейін жариялаған видеосында украиналық саясаткер Путиннің Қазақстан президентінің атын айта алмаған видеосын салып, “Ол Тоқаевтың атын бірінші рет шатастырып тұрған жоқ. Бұл құрметсіздің пе әлде бетіндегі ісігінің әсерінен тілі күрмеліп қалды ма” деп жазған. 

Бұл жазбаларға желі қолданушыларының бірі “Көгеріп тұрғанына қарағанда жаңа косметологиялық дәрі ектірген. Путиннің түрі косметологиялық екпелерсіз қалай көрінетіні қызық” деп жазды.

Тағы біреуі беті көтерліп тұру үшін инъекция жасалғанын айтты. 

Тағы бір желі қолданушысы вирустық видеодағы кадрды Путиннің басқа суреттерімен салыстырып, "бас пішіні, құлағының контуры мен пішіні, мұрнының қисаюы" бойынша айырмашылықтар бар екенін сипаттады.

Осыған дейін Путиннің денсаулығына қатысты көптеген ақпараттар тараған. Песков әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей көшбасшысының жүрегі тоқтап, қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Талқылау