Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеке куәлігімді жасап алған": Дәулет Мұқаев желідегі алаяқтардан сақ болуға шақырды

Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі алаяқтардан сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Халық қалаулысы атын жамылып, жалған парақшадан ақша тарататындарға үндеу жасады. 

“Біздің елде экономикаға қарағанда санасыздық пен алаяқтық өсіп жатыр. Алаяқтар фотошоппен жеке куәлігімді жасап алып, елдерге осылай хат жіберіп жатыр екен. Жеке куәлікке біз бұлай фотоға түспейміз! Алданбаңыздар! Мен ештеңе ойнатып жатқаным жоқ”, – деп жазды Дәулет Төлеутайұлы. 



Сондай-ақ депутат жалған куәлікті де көрсетіп, алаяқтар жіберетін хабарламаның орфографиялық қатесін сақтап жариялады. 

Фото: https://www.instagram.com/daulet_mukayev/

Еске салайық, бұған дейін Астанада 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар күдікті әйел ұсталғаны туралы жазған едік. 

Одан кейін Ләйлә Сұлтанқызы үй аламын деп алданып қалған қарт кісінің оқиғасын айтып берген еді. 

Талқылау