Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жедел-жәрдем шақырудан қорыққан": Шымкентте үш баланың анасы күйеуінің өліміне кінәлілерді таппай жүр

Шымкентте үш баланың анасы күйеуінің өліміне кінәлілерді тапқысы келеді. 36 жастағы ер адам наурыз айында Алматыдан Шымкентке барар жолда жоғалып кеткен. Оның денесі бір айдан кейін жол жиегінен табылды. Медициналық сарапшылар өлімнің себебін анықтай алмапты. Ал полиция бұл істі бірнеше рет жабуға тырысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үш баланың анасы Юлия Макарова енді балаларын өзі асырауына тура келеді. 19 наурызда оның 36 жастағы дені сап-сау күйеуі  Алматы-Шымкент бағытында жүрген автобуста жоғалып кеткен. Бір ай іздеуден кейін оған жұбайының денесін Түлкібас ауданындағы жолдың арғы жағынан тапқанын хабарлаған.

“Күйеуім екенін саусақ белгілері арқылы анықтағандарын айтты. Яғни әкімдік қызметкерлері жол бойындағы қоқысты жинап жүріп, белгісіз ер адамның мәйітін тапқан”, – дейді Юлия.

Ер адамда сырт киім, құжаттар мен телефон болмаған. Медициналық сарапшылар оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлімнің іздерін таппады. Бірақ олар өлімнің себебін анықтай алмаған. Тергеу мәліметтері бойынша, Михаил ауырып автобустан түсіп кеткен, өзінің табиғи өлімімен көз жұмған. Алайда бұған марқұмның әйелі сенбей отыр.

“Егер ол Ванновскден түссе, дереу достарына барар еді. Достары сол жерде. Жолда соғатын еді. Карточкасында ақша болған. Байланысуға мүмкіндік табар еді. Мүмкін автобус жедел жәрдем шақыру үшін жауапкершіліктен қорыққан шығар. Сөйтіп, сол жерде тастап кеткен. Бұл менің жеке пікірім”, – дейді Юлия.



Михаилдың телефоны оның денесінен бір апта бұрын SIM-картасыз, флэш-дисксіз және ешқандай деректерсіз табылған.

“Шымкент қаласының тұрғыны автобуспен үйіне бара жатып, жолда Түлкібас ауданынан түсіп қалған. Біраз уақыттан кейін жолаушылардың бірі салонда ер адамның ұялы телефонын тауып алып, автобус жүргізушісіне берген. Кейін ол смартфонды полиция қызмеркерлеріне тапсырған”, – дейді Түркістан облысының полиция департаменті.

Алайда бұл жағдайдың бәрі Юлияға күдік туғызады. Егер ер адам өзін нашар сезінсе, неге оны жақын маңдағы ауруханаға апармады немесе жедел жәрдем шақырмады? Оның сыртқы киімдері мен құжаттары қайда кетті? Михаил табиғи өлімімен көз жұмса да, оны қауіп-қатерге душар еткен адамды жауапқа тарту керек екеніне марқұмның әйелі сенімді. Бірақ ол полицейлерге істі тергеуден гөрі жаба салу оңай деп ойлайды.

Талқылау