Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші ауруханадан екіншісіне ауыстырған: СҚО-да коронавирустан көз жұмған әйелдің жақындары кінәлілерді іздейді

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырып, ауруханада қайтыс болған әйелдің жақындары кінәлілердің жазалануын талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Олардың сөзінше, науқас адамды бір ауруханадан екіншісіне ауыстырғаннан кейін жағдайы нашарлап, ауруы асқынып кеткен.

"Аудандық ауруханаға түскенде жағдайы қиын еді. Ондағы дәрігерлер емдеді. Бірақ инфекциялық аурухананы жауып, қалаға жеткізгеннен кейін бірден жағдайы нашарлап кетті", - дейді марқұмның баласы Павел Притолюк. 

Павелдің айтуынша, анасы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында көз жұмған. Сөзінше, қалалық инфекциялық ауруханада тиісті жағдайлар жасалмаған. Бір палатаға алты науқасты жатқызған дәрігерлер емделушілерге дұрыс қарамады деген пікірде. Бұдан бөлек аудандық аурухананы жауып, науқастарды облыс орталығына көшіру туралы шешім қабылдаған шенеуніктерді де кінәлайды. Сол үшін денсаулық сақтау басқармасының лауазымды қызметкерлері жауап беруі керек дейді. Ал басқарма өкілдері қателік кеткенін мойындайды. Бірақ бұған өздерін емес, дәрігерлерді кінәлайды. Қазір бұған қатысты қызметтік тексеріс басталғанын, соның нәтижесінде тиісті жаза қолданылатынын айтады.

"Қызылжар аудандық ауруханасының басшылығы ауыр науқастарды тасымалдау кезінде ережелерді бұзған. УАЗ көлігімен бірден алты адамды тасымалдаған. Ол жерде оттегі аппараты болған жоқ", - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов. 

Талқылау