Жазушы Дулат Исабеков халықты сақтыққа шақырды
Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков қазақстандықтарды сақтыққа шақырды. Айтуынша, індетке тосқауыл қою үшін карантин талаптарын әлі де мұқият орындаған абзал. Осылайша біз өз отбасымызды, ағайын-туысымызды сақтап қаламыз, дейді ол. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақынымызға жанашыр болғымыз келсе, той-томалақ, жиындардан, қонақ шақырудан бас тартқан жөн. Бетперде тағып, ережені ескерсек бұл күндер де артта қалады. Жақсылықтың, қуанышты күндердің бәрі алда. Індетті тоқтатуға әр адам бір кісідей ат салысуы керек. Дертті жеңудің ең дұрыс жолы барынша сақ болу, сабырлы болу, дейді жазушы.
"Бұл аурудың басқа кеселдерден де беті жаман. Ал егер айтқан нәрсені тыңдамай, баяғыша топырлаған тойға бара беретін болсақ, біз ешқашан бұл індеттен құтыла алмаймыз. Осы бір қатерлі көпірден аман өтіп кетуге тырысайық. Ол үшін өзімізге өзіміз берік болайық, сақ болайық. Жиын-тойларға бармайық", - дейді Дулат Исабеков.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді