Жазира Байырбекова: 3-4 жыл қыз ұзатып, бірнеше бизнес ашып алдым
Соңғы уақытта әншілердің біразы тойларда қыз ұзатып, қомақты қаржы тауып жүр. Солардың бірі – Жазира Байырбекова. Төрт жылдан бері қыз ұзату тойларының көркі болып жүрген Жазираның бүгінде репертуарындағы әндерінің тең жартысы сол бір думанды кешке арналған.
Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.
Соңғы уақытта Жазираға сұраныстың артқаны соншалықты, бір ғана тамыз айының өзінде 20 қызды ұзатып үлгеріпті. Бұған әншінің өзі қуанса, керісінше жары Жанболат ренжитін көрінеді.
«Жанболат ұрсып жүр. Сенің кесіріңнен тойларға шыға алмайтын болдық дейді. Күнде ұзату, күнде ұзату», – дейді Жазира Байырбекова.
Дегенмен, әнші тойлардан түскен табысына жеке бизнесін ашып дөңгелетіп отырмын дейді. Алайда, бір тойдан қанша ақша алатынын жасырып қалды.
«Ол құпия. Бірақ, шынымды айтайын 3-4 жыл ұзатып жүріп, соның табысымен мен көйлектер және сұлулық салонын аштым», – дейді Жазира Байырбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев келіншегін жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)
Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні жарды (видео)
Қайрат Нұртас қазақстандықтарды әйелі екеуі ойнайтын фильмді көруге шақырды
Жас қыздар «91» тобымен кездесуде қолтаңба алу үшін киімдерін шешіп берді (фото,видео)