Жазғы Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар алтыншы медальға қол жеткізді
Ханчжоудағы Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысында Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.
"Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Еске салайық, 25 қыркүйекте Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңген. Аталған сайыста бірінші және екінші орынды ҚХР мергендері иеленді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған