Жазғы Азия ойындары: Қазақстан үшінші медальға қол жеткізді
Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында оқ ату жарысынан қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше Чирюкин 26 ұпай жинап, жоғары жылдамдықты тапаншадан атуда үшінші орынға тұрақтаған.
Аталған сайыста бірінші және екінші орынды ҚХР мергендері жеңіп алған.
"Никита – көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын", – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”