"Жазаға тарту керек": Әлдебіреулер Саят Медеуовтің қайтыс болғаны жөнінде ақпарат таратқан
Әлдебіреулер Саят Медеуовтің қайтыс болғаны жөнінде жалған хабар таратқан. Ақпаратты көрген көпшілік ашуға мініп, авторларды жазаға тартуды сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мына видеоны көріп жүрегім зырқ ете түсті ғой. Қалай ғана қолдары барып жазды екен? Халықтың ақкөңілдігін пайдаланып өнер адамдарымен елдің арасын ажыратып, өз пайдасына асырып жатқандар қаншама?! Адамның өмірімен ойнауға болмайды. Аман жүрейік. Алла саған шипа берсін досым! Ортамызға амандықпен орал!" - деп тілегін білдірді ол.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік. Кеше әнші көпшілікпен байланысқа шығып, өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"