Ауруханада жатқан Саят Медеуовтің жағдайы белгілі болды
Жол апатына түсіп, аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалған Саят Медеуовтің беті бері қарап келеді. Әнші өзіне тілеулес болған барша жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Медеуовтің жағдайын білуге әріптесі Ақбота Керімбекова барып қайтты.
"Алла нәсіп етіп, бүгін Саят ағамыздың емханасына келдік, міне, қасымда жеңгеміз.
Жағдайы Аллаға шүкір, тәубе. Көптеген кісілер хабарласып, жағдайын сұрап жатыр", – деп бөлісті Керімбекова.
Кадрдан тыс сөйлеген Саят Медеуов өзінің амандығын тілеген халыққа алғысын білдірді.
"Армысыздар! Аман-есен болыңыздар! Тек жақсылық тілеймін. Тілек-дұғаларыңызға рахмет", – деді ол.
Бұған дейін Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік.
"Шөгіп, сынып жатыр": Алматылықтар жаңадан төселген тротуарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне шағымданды
Тұрғын: "Келесі жылы қайта жөндейді"
"Дәрігермен танысқаным үшін 20 мың теңге төледім бе?": Қазақстандықтар жекеменшік клиникалардағы қайта қабылдау ақысына наразы
Мәселеге желі қодданушылары да үн қатты