Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы: Кінәлі деп табылған кәсіпорын өздерін банкрот жариялады
Жайық өзенінде жаппай балықтардың қырылуына байланысты кінәлі деп танылған "Атырау су арнасы" КМК өздерінің банкроттығын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы кәсіпорын өздерінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Барлық қызмет "Атырау облысы су арнасына" тапсырылады. Бұған дейін бекітілген келісімшарттың барлығы бұзылып, аталған КМК-ге өткізіліп беріледі", - деп жазылған ресми хабарламада.
Бұған қоса банкротқа ұшыраған кәсіпорын тұрғындардан алдағы уақытта төлемдерді "Атырау облысы су арнасына" жіберулерін сұраған.
Бұған дейін Атырау соты Жайық өзенінде жаппай қырылған балықтардың қырылуына жауапты адамдарды жазалағаны айтылған еді.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр