Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау соты Жайық өзенінде жаппай қырылған балықтардың қырылуына жауапты адамдарды жазалады

Атырауда Орал өзіненде жаппай балықтардың қырылуына қатысты айыпталғандарға сот үкімі шығарылды. Аталған жайтқа қатысы бар деп "Атырау су арнасы" КМК-ның бұрынғы басшылары да тергеуге түскен болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Атырау қаласының №2 соты "Атырау су арнасы" КМК-ның экс-директоры Р. Құрметов кінәлі деп табылды. Оның кінәсі бойынша жеңіл жазадан ауырға өзгертіліп, азамат 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Директордың орынбасыры болған В.Сущенко мен сутазалаушы станцияның басшысы М. Чурсин қылмыстық заңбұзушылыққа қатысы бар деп танылып, олар да 2 жыл 6 айға абақтыға қамалды. Бұған қоса азаматтар үш жыл бойы мемлекеттің  қызметте лауазымға ие болу құқығы шектелді. Олар орта қауіпсіздіктегі түрмеге жабылады", - делінген баспасөз-хабарламасында.  

Сонымен қатар, судья «Атырау су арнасы» КМК-ға Атырау облыстық территориялық орман шаруашылығы мен аң әлемі испекциясына 13 924 000 теңге, Орал-Атырау бекіре зауытына 429 438 000 теңге және "Луговский жылқы зауытына" 1 500 859 000 теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды. 

Бұған дейін Атырауда мұздың ішінде қатып қалған балық тұрғындардың зәресін ұшырғанын айтқан еді. Ал былтырғы жылы Жайық өзенінде 111 тоннадан астам балық қырылған


 

 

Талқылау