Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда мұздың ішінде қатып қалған балық тұрғындардың зәресін ұшырды

Атырау облысының тұрғындары тағы да үрейленді. Бұл жолы өлі балық Оралда табылды. Куәгерлер мұзға қатып қалған балықтарды суретке түсіріп желілерде таратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Балықтар мұнай өндіретін зауыттың маңындағы көлшікте қатып қалған көрінеді. Бұл туарлы ақпарат тұрғындар арасында жылдам тарап кетті. Тұрғындар былтыр 100 тонна балық қырылып қалған оқиғаны еске түсірген. Өткен жылғы жағдай бойынша сот ісі әлі де жалғасуда екен. Экологияға орасан зор нұқсан келгендіктен, жергілікті тұрғындар тағы өлі балықтарды көріп шошып кеткен. Оқиға орнына комисиия жібреіліпті. Олар 17 бас балықтың өлі денесін анықтапты. Су мен балықтар зертханаға жіберілген, алдағы уақытта істің анық-қанығы анықталатын болады. Дегенмен мамандар тұрғындарға қорықпай-ақ қойыңыздар деп кеңес берді.


"Балықтың терісі лас, қабыршақтары түсіп жатқандығы байқалады. Осы тұрғыда сыртқы факторлардың кесірінен қырылған деп айтуға болады. Былтырғы жылғы балықтардың қырылуы сияқты жағдайлар анықталмады. Мұздың ішіндегі балықтар браконьерлердің ауынан қалып қалған десек қателеспейміз", - деді Атырау облысының балық шаруашылығы зертханасының меңгерушісі Тыныштық Қамиева. 
 



 

Талқылау