AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жай қорқытады деп ойладым": Мәскеу орталығында оққа ұшқан қазақ спортшысы оқиғаның қалай болғанын айтты

Мәскеу орталығында бірнеше оқ тиген аралас жекпе-жек палуаны Бағдат Дүйсембаев (авт. – лақап аты “Қазақ”) қақтығыстың қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РЕН-ТВ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы 17 ақпан күні достарымен бірге Орджоникидзе көшесіндегі спорттық клубқа барған. Айтуынша, оларға жеңілдікпен абонемент берілетіні уәде етілген. Көлік тұрағында Дүйсембаев пен оның достарының жанына күзетшілер келіп, көлікті алып тастау туралы ескерту жасапты. Бес минут ішінде алмаса, кедергі келтіретінін ескерткен. 

Алайда абонемент береміз деген орталық қызметкерлері кешіккендіктен, спортшылар көліктерін алмаған. Көп ұзамай күзетшілер қайта келіп, дөрекі түрде аймақтан кетуді талап еткен. 

"Бір-біріміздің миымызды ашытпайық, ызаланбайық дедім. Қазір шешеміз деп кетіп қалды. 5 минуттан соң қайта шығып, бір жерге кіріп, қайта шықты. Тапаншасын алып, оқтады", – дейді "Қазақ". 



Дүйсембаев күзетші оқ атады деп ойламағанын айтады.

"Қаруды көрсетіп, қорқытып, аспанға ататындар көп қой. Жай қорқытады деп ойладым. Ештеңе сұрамадым, айтпадым. Кенет атқылай бастады", – дейді спортшы. 

Ақырында алты оқ тиген Бағдат ауруханаға түскен. Абырой болғанда, аман қалған. 

Айта кетейік, Бағдат Дүйсембаев –  Түркістан облысының Шардара ауданында өскен Қызылорда тумасы. 2018 жылы спорттық мансабын дамыту үшін Мәскеуге кеткен. Top Dog пен Hardcore промоушндарында көрсеткен өнерімен танымал. Мансабындағы 8 кездесудің екеуін жеңіспен, біреуін тең есеппен аяқтаған. Ал бес кездесуде жеңіліп қалған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр