Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәй ғана ойын": Павлодарда мектеп оқушысы ұстазының үйінде "бомба қойылған" деп, елді шулатты

Павлодарда бір телефон қоңырауы, бір үйді дүрліктірді. Кезекші бөлімге белгісіз біреу Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйлердің біріне «бомба қойылған» деп хабар беріпті. Полиция үре түрегеліп үйдегі 30-дан аса тұрғынды түн ортасында қауіпсіз жерге шығарған. Нәтижесінде хабарлама жалған болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Жұртты дүрліктірген қаскөйді полиция іздеп тапты. Ол 15 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол бұл қылығын, "жәй ғана ойын" деп түсіндірген. Телефон арқылы ол өзінің ұстазын алдағысы келген көрінеді.

"Аталған іс бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Полиция тұрғындардан жалған ақпарат бермеуге әрі ата-аналардан балаларына бұндай әрекеттің қылмыс екенін түсіндірулерін сұрайды. Сондықтан телефон арқылы жалған қоңырау шалу терроризмге жататын әрі қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеміз", - дейді Жанна Біләлова, облыстық ПД ресми өкілі.

Мұғалімімен орынсыз ойнаған бозбала жазадан құтыла алмайды. Полиция департаментінің хабарлауынша, терроризм туралы жалған хабар берген бала 5 АЕК түрінде айып пұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Талқылау