Жасөспірім видео үшін алматылық қарияны соққыға жыққан (видео)
Алматыда жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан қарияны соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірім мен қарияның сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін қарияның бетінен жұдырықпен бірнеше рет соққы жасайды. Ал ер адам соққы салдарынан жерге құлаған.
Жасөспірімнің бұл әрекетін басқа жігіт түсіріп алған.
Алматы полиция департаменті бұл деректің Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған азамат ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды", – деді полиция өкілдері.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр