Жасөспірім бассейнде әлдебір ер адамның тиіскенін айтқан: Атырауда спорт кешенінде топтық төбелес орын алды
Атыраудағы бассейн кешенінде топтық төбелес орын алды. Шудың басты себебі 16 жастағы жасөспірімнің бассейнде өзіне белгісіз ер адамның тиіскенін айтқан. Екі жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, №2 полиция бөліміне "Жұлдыз" шағын ауданында орналасқан "Саванна" бассейні кешенінде белгісіз біреулер арасында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Хабарламаны тексеру барысында 16 жастағы жасөспірімнің құтқарушылардың біріне әлдебір ер адамның тиіскені туралы шағымданғаны анықталды. Салдарынан құтқарушылар мен бассейнге келушілер арасында төбелес болған.
Нәтижесінде 22 және 18 жастағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.
29, 28 және 30 жастағы күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайы анықталуда
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда