Жас кәсіпкерлерге несие алып берген: "Атамекен" филиалының директоры пара алғаны үшін тұтқындалды
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысындағы аудандық филиал басшысыларының бірі жас кәсіпкерлерден 200 мың теңгеден пара алып отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұл қаржыға ол "Бизнес бастау" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін енді бастағандарға несие алып берген. Қызметтік бабын асыра пайдалану және пара алу дерегін еліміздің қаржы мониторингі агенттігі анықтады.
- "Мәсімов басқарған ұлттық қауіпсіздік комитеті бізді заңсыз соттады": Экс-офицерлер мәлімдеме жасады
Күдіктінің аты-жөні әлі жарияланған жоқ. Қазір аталған мәселеден кейін Қылмыстық кодекстің 253-бабы бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс прокуратураға жолданған.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының екі айға қамауға алынғанын хабарлаған едік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Сатыбалды қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісіне күдікті деп танылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"