Жас балуандарымыз Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы 15 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kebispayev67 instagram парақшасынан
Тайландта күрес түрлерінен 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Даңқты балуан Алмат Кебіспаев баптайтын грек-күресінің жас шеберлері сарықұрлықтың басты додасында сәтті өнер көрсетті. 41 келіде сынға түскен Қуанышбек Жанажол мен 85 келідегі Али Бекенғазы қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақса, Нұрәлі Асқар (52 кг) мен Әлинұр Төлеуғали (68 кг) күміс жүлдені місе тұтты. Сондай-ақ Рамазан Өтеген 38 келіде, Мирас Махамбет (57 кг) пен Тимур Құсайынов (62 кг) қола жүлде жеңіп алды.
Қазақ балуаны жасөсіпірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды
Қазақстандық балуанға Париж олимпиадасының жолдамасы тарту етілді
Айта кетейік, Париж олимпиадасында күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының 8 балуаны өнер көрсетеді. Оның төртеуі “классиктер” болса, төртеуі еркін күрес шеберлері.