Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ балуаны жасөсіпірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алмат Кебіспаев баптайтын грек-рим күресінің жасөспірімдер құрамасы Иорданияда өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. 17 жасқа дейінгілер арасында белдескен балуандарымыздың алтауы үздіктер қатарынан көрінді. 60 келіде сынға түскен Шәміл Досбол қарсылас шақ келтірмей, екінші рет Азия чемпионатында топ жарса, 80 келідегі Еркебұлан Анапия мен 92 келідегі Әділет Тойшы ақтық сында сүрініп, күмісті місе тұтты. Сондай-ақ Нұрдәулет Құмарұлы (45 кг), Едіге Төлеутаев (51кг), және Қанағатбек Данияр (65кг) үздік үштіктен көрінді. 

Айта кетейік, Қазақстан жасөпірімдер құрамасы бұл Азия чемпионатында командалық есепте алдына Өзбекстан мен Иранды жіберіп, 3-орынға тұрақтады. Алмат Кебіспаевтан бөлек, жасөпірімдер құрамасын Жарқын Тұрсынов пен Асхат Жаңбыров жаттықтырады.    

Талқылау