Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарқынай Ханайым: Сіз біреуге күліп жүргенде, өміріңіз сол адамдікіне ұқсап қалмасын 

Жуырда мұрнына пластикалық ота жасатып, пішінін өзгерткен Жарқынай Ханайым әлі де оқырмандарынан жағымсыз пікірге толы хаттар алуда. Актриса елдің сөзінен мезі болса керек, өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрметті сұп-сұлу қыздар, құрметті жеке өмірде бақытты келіншектер. Ақылдарыңызды өздеріңізге сақтап қойыңыздар. Қашанда өздеріңізге керек болады. Сізде бәрі жақсы екені ол тек сіздің арқаңызда бола бермейтін дүние. 

Мүмкін сіздерге шынымен де жақсы адам жолықты. Әдемі болып туылдыңыз. Туылғанда ешкім түр таңдамайды. Бірақ есі кіріп, соны кішкене әрлеуге әрекет ету арқылы өзін одан да сенімді сезінуге көмегін тигізсе, неге сіздерден сұрау керек? Және сіздердің пікірлеріңізді жұту керек?" - деп жазба қалдырды Жарқынай желідегі парақшасында. 



Жарқынайдың айтуынша, ешкім алдында не күтіп тұрғанын білмейді. Сондықтан да біреуді сынамас бұрын, ол болашақты ойлауға кеңес берді. 

"Айтпақшы ескерту, тағы қаншама келіншектер бар, 10 жыл бақытты өмір сүріп, сосын ажырасып кетеді. Бір келіншектер бар, 5 жыл қиналып сол тұрмыста өмір бойы бақытты болып қалады. Сондықтан босаңсымаңыздар. Өз өміріңізді осыдан да әдемілеңіз. Сіз біреуге күліп жүргенде білмей қалмаңыз, сіздің өміріңіз сол күлген адамдікіне ұқсап қалмасын", - деді әнші.   

Талқылау