Яна Легкодимованы өлтіргендер "Қара бүркіт" түрмесіне этаппен жеткізілді

Атыраулық Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов осы аптада №39 мекемеге “Қара бүркіт” түрмесіне этаппен жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін сотталғандардың нақты қай жерде жазасын өтеп жатқаны қоғамда қызу талқыға түсті. “НеМолчи” қоғамдық қоры Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен қылмыскерлердің қай мекемеде отырғанын тексеруді сұраған.
ОқыңызҚор мәліметінше, бұл жайт жәбірленуші тараптың күмәнін тудырған. Себебі бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандардың сот үкіміне сәйкес жазасын өтеп жатқанын хабарлаған еді.
Енді дереккөздердің мәліметіне сәйкес, екі сотталған да өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған “Қара бүркіт” түрмесіне жеткізілген.
Көшіру туралы ақпарат көктемде де тараған
Сотталғандарды “Қара бүркітке” этаппен жіберу туралы ақпарат алғаш рет сәуір айында тарады. Сол кезде олар 19 сәуірде жеткізілді деген мәлімет айтылған. Кейін олардың нақты қайда екеніне қатысты күмән қайта туды.
Әзірге оларды нақты қай күні жеткізілгені жөнінде ресми ақпарат жоқ.
Яна Легкодимова ісі
Яна Легкодимованың өлімі бүкіл Қазақстанда үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Қылмыстық істі тергеу тоғыз айға созылды. Оның сегіз айы қыздың мәйітін іздеуге кеткен. 2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді.
Сот мәліметінше, 2024 жылдың күзінде Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов Яна Легкодимованы үйінен алдап шығарып, көліктің ішінде тұншықтырып өлтірген. Кейін оның мәйітін Жайық өзеніне тастаған.
2025 жылы 17 қарашада сот Янаны өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.
Ал 2026 жылдың ақпанында сотталғандардың бірінің қорғаушысы үкімді жеңілдетуді сұрап, апелляциялық шағым түсірген. Алайда апелляциялық сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты