Қазақстанның оңтүстігіндегі үш өңірде жер сілкінісі тіркелді

27 маусым күні сағат 18:34-те Жамбыл, Шымкент және Түркістанда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты “Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығы” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
ОқыңызТүркістан облысында жер сілкінісі Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Т. Рысқұлов атындағы ауыл, Арыс, Темірлан, Шәуілдір және Шаян елді мекендерінде сезілген. Аталған барлық елді мекенде 2 баллдық дүмпу тіркелді. Шымкент қаласында да 2 баллдық жер сілкінісі сезілді.
Жамбыл облысында да Бауыржан Момышұлы атындағы ауыл, Тараз, Сарыкемер, Аса, Құлан, Қаратау және Меркі елді мекендерінде де жер сілкінісі 2 балл болған.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Венесуэлада екі қуатты жер сілкінісі тіркеліп, қаза тапқандар саны 200-ге жуықтағаны туралы жазған едік.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты