Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайтын 9 жұп анықталды

футбол
Фото: Reuters

27 маусымда футболдан әлем чемпионатының I, H және G топтарындағы үшінші тур матчтары аяқталды. Ойын қорытындысы бойынша плей-офф кезеңінің (1/16 финал) тоғызыншы жұбы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазір 1/16 финалға 32 құраманың 28-і жолдама алып үлгерді. Алайда олардың қарсыласы әлі анықтаған жоқ.

Плей-оффтың қалған төрт қатысушысы 27 маусымнан 28 маусымға қараған түні өтетін топтық кезеңнің соңғы турынан кейін анықталады. Соңғы матчтарды L, K және J топтарының құрамалары өткізеді.

Әлем чемпионаты турнирінің 1/16 финалында ойнайтын командалар:

  • Оңтүстік Африка республикасы – Канада;
  • Бразилия – Жапония;
  • Германия – Парагвай;
  • Нидерланд – Марокко;
  • Кот-д'Ивуар – Норвегия;
  • Франция – Швеция;
  • АҚШ – Босния және Герцеговина;
  • Аустралия – Мысыр;
  • Аргентина – Кабо-Верде.

Ал Мексика, Бельгия, Испания, Колумбия, Швейцария, Эквадор, Сенегал, Португалия, Англия және Гана құрамаларының қарсыластары әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2026 жылы футболдан әлем чемпионатында тарихта алғаш рет 1/16 финал кезеңі өтеді. Турнирге қатысушы командалар саны – 48 елге дейін ұлғайған соң осындай шешім шығарылған. 

Плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчтар 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні басталады. Ал әлем чемпионатының финалы 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні өтеді.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатының пара плей-офф кезеңінің алғашқы жұптары белгілі болғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 27 Маусым, 2026 19:05