Жарқынай Ханайым күйеуімен айырылысқаннан кейін батыл образдарымен көзге түсті
Жарқынай Ханайым жеке өміріндегі өзгерістен кейін батыл образдарымен көзге түсті. Фанаттар актриса мұндай қадамға күйеуін қызғандыру үшін барды деп топшылайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Есесіне Жарқынай образын өзгертіп, халыққа жаңа фототүсірілімнің суреттерін паш етті. Оқырмандардың бір тобы оны сынға алды.
"Ашумен қызғандырамын деп, қызығыңнан айырылмашы қыз-ау", "Тек шешінбе, саған лайық емес", "Онсыз да сені халық жақсы көреді, сол сыйыңнан айырылма, олардың деңгейіне түспе", "Ашық киінгеннен өміріңіз жақсармайды", "Қайын жұртыңызға қатты еліктеушілік бар бойыңызда", "Бұлай суретке түсіп өз абыройыңды түсіріп алма. Ана екеніңді ұмытпа", "Не болды? Жаймен-жаймен ашылып жатыр ғой көйлектерің", - деп жазды олар.