Непалдағы су тасқыны: Қаза тапқандардың саны 750-ге жетті
Непал мен Тибет шекарасындағы су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 750 адамға жетті. Оның 16-сы – Тибеттен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Kathmandu Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел үкіметі жариялаған соңғы ақпаратқа сәйкес, Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 750 адамға жетті, 2 498 адам хабар-ошарсыз кетті, оның ішінде 589-ы – шетелдіктер.
Барлық зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару және гуманитарлық операцияларды жүргізу үшін 19 895 қауіпсіздік күштерінің қызметкері жұмылдырылды. Олардың қатарында Непал армиясының 8 399 әскери қызметшісі, 7 213 полиция қызметкері және Қарулы полиция күштерінің 4 203 қызметкері бар.
Билік өкілдерінің дерегінше, қазір күштік құрылымдар 8 186 адамды құтқарды.
“Біз су тасқынын бақылау қызметінен СМС-хабарлама алдық. Бізге екінші толқынның жақындап келе жатқаны туралы ескертті. Өзеннің жоғарғы ағысында кептеліс түзіліп, ол бұзылған, енді су ағыны біздің бағытқа келе жатыр. Бізге дереу қауіпсіз жерге кетуді айтты, сондықтан біз жоғарырақ көтерілдік”, – деді Дхадинг округінің тұрғыны Атма Шрестха.
Қайтыс болғандардың көп болуы қаза тапқандардың жеке басын анықтауға тырысып жатқан билік үшін үлкен қиындық тудырып отырғаны атап өтілді. Аты-жөні анықталмаған мәйіттерді сақтау және сәйкестендіру рәсімін жүргізу үшін әр түрлі аудандардағы 21 ауруханаға жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Непалда 26 тамызда болған жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан жүздеген адам қаза тауып, жүздегені хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апат елдің солтүстігіндегі елді мекендерге, жолдар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді. Құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Апаттан кейін Непал мен Қытай шекарасында жүрген екі қазақстандық әйелден де хабар үзілген.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
