Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ер адам 17 жастағы қызды зорлап, жүкті еткен

зорлық қыз жүктілік
Фото: magnific.com

Атыраулық ер адам 17 жастағы қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Қыз кейін аяғы ауыр екенін білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші ер адаммен кәмелетке толмай тұрып танысқан. Ер адам оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, салдарынан қыз өзінің жүкті екенін білген. 

Содан ер адам өзіне тұрмысқа шығуды ұсынған. Ал ол кезде оның әйелі мен алты баласы болған. 

“Ол маған физикалық күш көрсете бастағды. Осындай жағдайлардың бірінен кейін полицияға арыз түсірдім, алайда ер адамның әйелі кешірім сұрағаннан кейін арызды кері қайтарып алдым”, – дейді жәбірленуші. 

Сонымен қатар атыраулық қыз жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа байланысты құқық қорғау органдарына жүгінген. Оның айтуынша, соңғы рет тамыз айында арыз жазған. Бірақ кейін қылмыстық істің тоқтатылғанын білген. 

Қазір жәбірленуші 18-ге толды. Ол көмек сұрап құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға жүгінген, ал ол бұл оқиғаны Threads желісінде жариялаған. Рақышеваның айтуынша, болған жайтты қыз ұзақ уақыт бойы отбасынан жасырып келген, ал ер адаммен ол WhatsApp арқылы сөйлескен.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 30 Тамыз, 2026 17:07