Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou-де жаңа түсім: Баян Алагөзова Айқын мен Айдар Асқарбекке ұсыныс жасады

Қазақстан эстрадасы тарихында құрамын ең жиі ауыстыратын КешYou тобында тағы да өзгеріс. Баян Алагөзова жақында топта жаңа қыздардың өнер көрсететінін хабарлады. Бұл орайда ол Айқын мен Айдар Асқарбекке ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парақшасындағы стористер желісінде Баян Мақсатқызы Айқыннан Жұлдыздың жағдайын сұрады. Артынша КешYou-де жаңа қыздар болатынын меңзеді. 

"Айкош, менде жылда "Қазақ аруына" кастинг жүреді және 3-4 жыл сайын КешYou-дің құрамы өзгереді", - дегені сол еді, Айқын бірден бас тартты.

"Осымен бітті ме? Бүкіл елге уәде бересің бе? Бұл сенің соңғы некең бе?" - деп сұрады Алагөзова. Айқын соңғы неке деп уәде берді. 

Бұдан кейін Баян Мақсатқызы өзінің туған жиені Айдар Асқарбекке ұсынды. 



"Менің күйеу балам әрі туған жиенім. Саған да біздің продакшндағы жаңа қыздар ұнамай ма? Көрдіңіздер ме, ерлер қауымы сондай тұрақсыз. Бізде жаңа түсім, жаңа қыздар болады", - деді ол. Оған Айдар: 

"Көреміз, бағалаймыз", - деді. Мұны естіген Баян Мақсатқызы еркектердің өзгермейтінін, олардың полигамды болып келетінін атап өтті. 

Өз кезегінде желі қолданушылары продюсердің бұл әрекетіне ашуланды. 

"Өнер деп келетін жап-жас қыздарды өзіңнің тауарың ұқсап неге сатып отырсың?", "Өлең айтуға емес, сату үшін құрылған топ екен ғой", "Жаңа түсім деп біреудің аялап өсірген қыздарын затқа теңеп отыр", - деп жазды олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр