Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарқынай Ханайым екінші сәбиін күтіп жүргенін айтты

Күйеуіммен ажырасудың алдында тұрмын деп жария еткен Жарқынай Ханайым екінші сәбиін күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актриса қуанышты хабарды елге сүйіншілеп жеткізді.

Айта кетейік, Жарқынай Ханайым жолдасымен "Рауза" телехикаясындағы сүйісу сахнасынан кейін айырылысты. Десе де, Жарқынай мен Айдар Асқарбек ресми түрде ажырасқан жоқ, әзірге бөлек тұрып жатыр. Бір сұхбатында актриса араға уақыт салып, күйеуімен қайта қосылуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Көпшілік Жарқынайдың бұл әрекетін хайпқа балады. Әрі жүктілігін жария ету үшін ішін ашып, кіндігін көрсеткен актрисаның қылығын ерсі деп тапты. 



"Сұхбаттарыңда тәрбиелі қыз көрінген едің, жақсы көріп қалған едім. Мынауың енді ерсі екен. Кіндікті ашпай да қарынды сипалауға болады  Қарапайым қалпыңнан таймашы, Жарқынай", "Ақша үшін ұят деген қалды ғой қазір", "Ұят, кіндігін көрсетіп сонша не болды, кімнен енді", "Олар ажыраспады ма?", "Ерсіленіп кеттіңіз соңғы кезде", "Бұл не? Әйел адам ішін ашып көрсетпейді. Көз бар, сөз бар, ұят екен", - деп сынады олар. 

Талқылау