Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарын қызғану бүкіл ер-азаматқа тән": Аша Матай жолдасының отбасында қандай адам екенін айтты

Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші, актриса Аша Матай ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/

Өнер иесі тұрмысқа шыққан жылдары сахнадан қол үзіп қалғанын жасырмай, бұл туралы “1001” түн бағдарламасында айтып берді. 

“Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді. Өзінің жарын қызғану, қимау бүкіл ер-азаматтарға тән нәрсе деп ойлаймын. Негізі Арманның қолдауы ерекше. Ол да өнерде жүргесін бәрін түсінеді. Отағасына көп рақмет айтқым келеді. Сахнада жарқырап, құлпырып жүруімнің өзі – сол кісінің арқасы, қолдауы. Өзінің "Менсіз киноға түспеші" деген өтініші бар еді. Мен соған келістім. Түсетін болсақ, бірге түсеміз", – деді актриса. 



Одан кейін шоу-бизнес жұлдызы сахнадан гөрі отбасылық кәсіпке ден қойып, қыздарының тәрбиесімен айналысып жатқан көрінеді. 

“Қазір мен уақытымды үйге, бала-шағама, күйеуіме, енеме арнаймын. Сондай кезеңде жүрмін. Бизнес саласына бет бұрдым. Ал Арман қазір әншілік қырынан көрінуге дайын. Бірнеше ән жазып жатыр, хит болады деп ойлаймын", – деп ағынан жарылды Аша Матай. 

Еске салайық өнер иесі күйеуіне бренд киімдер алдырып алатынын айтқан еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 14 Қазан, 2024 09:30