"6 қыздың анасымын": Аша Матай жақсы жаңалығын бөлісті
Танымал актриса, әнші Аша Матай әлеуметтік желіде жақсы жаңалығын жариялап, жаңа статус иеленіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/asha_matai/
Аша Матайдың айтуынша, Баян Мақсатқызының Алма есімді кішкентай қызына кіндік шеше болған.
"Алма деген тәтті қыздың кіндік шешесі болып тағайындалдым. Тұрсен жездем мен Баян тәтем біраз ойланып, қабылдаған шешімдері екен. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы кіндік шешеге тартады деген түсінік бар. “Саған ұқсаса, жаман болмайды” деді. Мен үшін, бұл үлкен қуаныш, абырой, Аллаға шүкір! Көпбалалы анамын, енді менің 6 қызым бар!", – деп жазды Аша Матай.
Одан кейін Баян Мақсатқызы мен күйеуі Тұрсен Алагөзов Аша Матайға кіндік шеше болғаны үшін әшекей сыйлаған. Желі қолданушылары Аша Матайды кіндік шеше болуға лайық деп жазып жатыр.
“Керемет сыйлық сыйлапты”, “Қазақта кіндік әке-шешенің орны бөлек”, “Кіндік шеше дегеніміз – перзентханада кіндігін кесетін әйел емес пе?”, “Мүмкін " Өкіл шеше " деп айтқысы келген шығар. Кіндік шеше кіндігін қиған адамға айтылады ғой”, “Ашаға кіндік шеше болған жарасады”, – деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірген еді.