Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылыстан зардап шеккен 32 адам Тараздағы ауруханаға түсті

Жамбыл облысында орын алған жарылыста 32 адамның зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

“Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті (жеке деректер нақтыланып жатыр). Екі үлкен жарылыс пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жараланған бір қызметкері туралы ақпарат бар (қызметкердің деректері нақтылануда)”,  –делінген әкімдік хабарламасында. .

Оқиға орнына 15 жедел жәрдем бригадасын және 15 облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді.

Әлеуметтік желілерде Тараздағы ауруханада түсірілген суреттер таралуда.

Таралған ақпаратқа сәйкес көмек көрсетуге медициналық қызметкерлердің барлығы жұмылдырылған. 

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында әскери қоймадан өрт шығып, жарылыс болғаны айтылған еді


Жалғастыру: Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 60-қа жетті

Талқылау