"Жарасымды жұп": Асылхан Төлепов пен Ақбота-Нұрдың видеосы қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде Асылхан Төлепов пен Ақбота-Нұрдың кезекті видеосы пайда болды. Бейнежазбаны көрген жұрт екі актердің "жарасымды жұп" болатынын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қызу талқыға түскен видеоны Ақбота-Нұр Instagram парақшасында жариялады.
"Әр жүректе – бір арман. Әр көңілдің өз қайғысы, өз қуанышы бар. Жарқырап жүрген жүзге қарап, оны мұңсыздыққа балау – қателік. Шындықты білу үшін жәй ғана көз жанарына үңілген жетерлік", – деп астарлы жазба қалдырды ол.
Ал үзінді Асылхан мен Ақбота басты рөлді сомдайтын сериалдан алынған. Кадрдағы "махаббат" шынайы болмаса да, көпшілік екі актердің жарасымдылығына қайран қалды.
"Керемет әртістер", "Өте жарасымды көрінесіздер", "Кәрістің актерлеріне ұқсайды екеуі де", "Күшті жұп", "Неткен сұлулық. Дәл осындай сымбатты жігітті кездестіруіңізді тілеймін", "Бір-біріне күшті жарасады, осы сериалды көру керек", "Екеуі керемет жұп болады екен", "Ерекше сымбаттысыздар", – деп жазды желі қолданушылары.
Бұған дейін Асылхан Төлепов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің сүйіскен сәті желіде тараған еді.