Төреғали Төреәлінің 19 жастағы қарындасы тұрмысқа шықпақ
Төреғали Төреәлінің отбасында үлкен қуаныш. Әнші жақын арада кенже қарындасын ұзатпақ. 19 жастағы Дина Төреәліге сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады. Бойжеткен оның сөзін қабыл алып, тойға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күйеу жігіттің есімі – Ернар Мұсабай. Болжам бойынша, спортшы. Ол Динаға футбол алаңында сезімін білдіріп, үйлену туралы ұсыныс жасады.
"Хоккейші деген тема осымен жабылсын, иә? Қандай спорт түрімен айналысатынын стадионда ұсыныс жасағанынан біле аласыздар", – деп құпияның шетін ашты Дина.
Ол тойға дайындықты бастап кеткенін айтты.
Айта кетейік, Төреәлі әулетінің үлкен қызы Фариза да спортшыға тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Дархан Нортаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған