Мемлекет басшысы шенеуніктердің санын 25%-ға қысқартуға бұйрық берді

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда орын алатын жаңа реформа жайлы айтты. Сөзінше, мемлекеттік қызмет саласында шенеуніктердің саны қысқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент мемлекеттік қызмет саласында толығымен жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет екенін алға тартты.  

«Мемлекеттік қызметкерлердің пандемия кезінде үйден жұмыс істеуге көшуі шенеуніктердің санын қысқарту мүмкін екенін көрсетті. Сол себепті квазимемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлердің санын жедел қысқартуды тапсырамын. Осы жылы олардың санын 10%-ға, келесі жылы 15%-ға қысқартылсын. 2021 жылға қарай жалпы шенеуніктердің саны 25%-ға қысқартылуы қажет», - деді Тоқаев. 

Бұған қоса ол қалған шенеуніктердің жалақысы артатынын жеткізді. 

«Цифровизацияландыруға көшу нәтижесінде қысқарылатын мемлекеттік қызметкерлерге байланысты біржақты шешім шығарылады. Ал қалғандарының жалақасы артады. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы халық үшін қымбатқа тиюде. Бұл сұрақтың маңыздылығын түсінбеу жемқорлыққа алып келуде. Сол себепті 2021жылдың 1 шілдесінен бастап  факторлық-баллдық көрсеткіш ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл шенеуніктердің жауапкершілігі мен ынтасының артуына себеп болмақ», - деп қосты президент. 


Тоқаев: Пандемияны жеңу үшін 2 жыл уақыт керек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр