Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда студент таза парақты тексеруге беріп "өте жақсы" деген баға алды

Университетте тарих факультетінде ниндзя тарихын зерттейтін бірінші курс студенті Миэ Эйми Хага емтихан кезінде оқытушыға таза парақ тапсырып жоғары балл алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеп.

оқушы

Шығарма "абуридаси" техникасымен, яғни, көрінбейтін сиямен жазылған. Мұндай техниканы ниндзялар құпия хаттар мен хабарламаларды жіберу үшін қолданған.

Эйми Хага ниндзя кезінде қолданылған ежелгі рецепт бойынша соя бұршақтарынан сия дайындаған. Бұған студент 10 сағаттан астам уақыт жұмсаған.

"Бұл туралы кішкентайымда оқыған кітаптардан білдім. Мен жай ғана сыныпта мұндай ешкімнің ойына кіріп-шықпайтынын білдім", – деді Эйми Хага ВВС-ге берген сұхбатында.

Оның шығармасын дұрыс түсінетініне сенімді болу үшін, Хага әдеттегі сиямен парақтың шетіне "қыздыру керек" деген белгі қалдырған.

Профессор Юджи Ямада таза қағаз парағын көріп таң қалғанын жасырмады.

"Мен бұл шығарма өте жақсы бағаға лайық екеніне күмән келтірмедім. Тіпті, оны соңына дейін оқымадым, себебі мен оны мысал ретінде қалдыру үшін мәтінді толық көрсеткім келмеді. Егер БАҚ бұл туралы білсе, суретке түсіргісі келетінін білдім", – деді профессор.


Тағы оқыңыз: Жапония туралы таңғажайып 15 мәлімет

Талқылау