Жапонияда маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі тіркелді
Жапонияның Токио іргесіндегі Сайтама префектурасында маймыл шешегінен алғашқы өлім тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырып, көз жұмған ер адамда ВИЧ инфекциясы болған. Қыркүйек айында оған маймыл шешегі диагнозы қойылды. Науқас өз елінен шықпаған.
Маймыл шешегінің алғашқы жағдайы Жапонияда 2022 жылдың шілдесінде тіркелген. 2023 жылы елде 227 адам шешек жұқтырғаны анықталды.
Осы жылдың мамыр айында ДДҰ жұқтыру жағдайларының азаюына байланысты маймыл шешегі бұдан былай қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдай емес екенін жариялады.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды