Жапония тұрғындары аспанда ұшып жүрген жұмбақ нысанды түсіріп алған
Жапонияның солтүстік-шығысында жұмбақ шар тәрізді ұшатын нысан видеоға түсірілген. Бұл туралы елдің көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

17 маусымда кешке Мияги префектурасы мен оның Сендай әкімшілік орталығына белгісіз ұшу объектісі туралы көптеген мәлімдемелер түскені айтылады.
Полиция тікұшақты оның не екенін білу үшін жіберген, алайда бұл нысан 1,5 шақырым биіктікте ұшып жатқаны белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, бұл екі доңғалақты ақ шар және төменгі жағында крест тәрізді дизайн болған.
Көлік министрлігі мен метеорологиялық басқарма бұл нысанның оларға ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ, көлік министрлігі адамдар көп шоғырланған жерде немесе әуежайға жақын орналасқан жерде ұшу үшін алдын-ала рұқсат алу қажет, бірақ өтініштер түспеген.
Біраздан кейін белгісіз нысан шығысқа қарай теңізге қарай ұшып, көзден ғайып болды. Оның құпиясы ашылмай қалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған