Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді

Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Бұл шектеулер бір қазақстандық ұйымға да әсер етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nikkei порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне 335 позиция қосылды. Оның ішінде кран қозғалтқыштары мен басқа да арнайы жабдықтар, сондай-ақ шағын мотоциклдер бар. Бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетіне әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, химиялық қаруды жасау үшін қолдануға болатын капсаицин сияқты химиялық заттарға да тыйым салынды.

Бұл тауарларды экспорттауға тыйым салу 23 қаңтарда күшіне енеді. 

Үкіметтік шешімде Ресейге санкция салынса да солар арқылы экспорт баруы мүмкін алты елдің 31 ұйымына да тыйым салу қарастырылған. Бұл топқа Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстана, Таиланд пен Түркияда кіреді.



Сонымен қатар, санкция салынған активтер тізіміне Ресейден 11 жеке тұлға, 29 ұйым және 3 банк қосылды. Сондай-ақ, активтерге шектеу ресейлік емес жеке тұлға мен тағы бір банкке әсер етеді.

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Йошимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапония халықаралық қоғамдастықпен, соның ішінде жеті ірі экономика тобының (G7) елдерімен ынтымақтасатынын жеткізді. Айтуынша, Украинаның айналасындағы жағдайды шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырады.

Талқылау