Жапондықтар 3D принтер арқылы тұрғын үй жасап шығаруда (видео)
"Serendix" атты Жапондық құрылыс стартапы 3D принтер арқылы шағын үйлер жасай бастады. Мұндай тұрғын үйді ауданы бойынша шағын пәтермен салыстыруға болады. Ол екі күн ішінде жасалып, қарапайым көліктің бағасына сатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 4PDA сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аумағы 50 шаршы метр тұрғын үй 44,5 сағатта салынып, 37 мың долларға сатылып жатқаны атап өтілді. 3D басып шығарылған Fujitsubo үйінде бір жатын бөлме, бір ванна және ас үйге қосылған ашық қонақ бөлмесі бар. Жапондық денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес, үй ерлі-зайыптыларға немесе бір адамға өте ыңғайлы.
"Автокөлік өнеркәсібі 40 жыл бұрын роботтарды қолданатын өндірістік процестің инновациясына байланысты бағаның төмендеуін сезіне бастады. 3D баспа үйі тұрғын үй саласын толық роботтандырудың бастамасы деп есептейміз", - деді Serendix мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта компания үйлерін салу үшін бес принтерді пайдаланады. 2024 жылы тағы он екі принтер қосып, жыл сайын 850-ге жуық үй салуды жоспарлап отыр.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ