Жапондық БАД-тың кесірінен 2 адам көз жұмып, 100 науқас ауруханаға жеткізілді
Жапонияда ферменттелген қызыл ашытқы мен күріш қосылған тағамдық қоспаны тұтынған екі адам көз жұмды. Одан бөлек 106 науқас ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Биологиялық белсенді қоспалардың (БАД) өндірушісі – Kobayashi Pharmaceutical фармацевтикалық компаниясы. Компанияның мәліметінше, Beni-Koji тағамдық қоспасын 3 жыл қатарынан қабылдаған адам бүйрек ауруынан қайтыс болған. Үкімет 6 мыңға жуық өнім түрі барн бұл тағамдық қоспаға шұғыл сараптама жүргізетінін мәлімдеді. Қазірдің өзінде холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі деп жарнамаланған қоспалардың бес түрі кері қайтарылды.
Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік министрлігі екінші адамның өлімі туралы компанияның тыңдалымы кезінде білді.
Бұған дейін Қытай "X ауруының" таралу қаупі артқанын хабарлаған еді.
Құрылыс алаңынан өтіп бара жатқан қазақстандықты өлімнен бір хабарлама құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр