Жәния Джуринская сәби күтіп жүргенін айтты
Данияр Хизметов пен Жәния Джуринскаяның шаңырағында көптен күткен қуаныш. Жәния сәби күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ең сүйікті адамыңнан бала күту деген қандай бақыт екенін елестете де алмаппын. Біз сені күтеміз, күніміз біздің, жүрегім менің. Менің өміріме баса-көктеп кіріп, махаббатқа бөледің", – деп соңғы сөзін күйеуіне арнады Жәния.
Актриса УДЗ-ға түсіп үлгерген. Ол жеке парақшасында сәбиінің алғашқы суретін де жариялап үлгерді. Аталған суретті Данияр Хизметов те бөлісті.
"Кімге ұқсайды екен?" - деп қалжыңдады ол.
"Адамның өміріндегі ең маңызды сәт үйлену тойы деп ойлап қателесіппін. Отбасымыз көбейіп жатыр. Сені сүйемін", - деп жазба қалдырды ол.
Әріптестері мен фанаттары Данияр мен Жәнияны жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, Жәния Джуринская жарты жыл бойы бала көтере алмағандықтан, ЭКО орталығына барғанын айтқан еді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"