"Жаның ауырады": Ақтау қаласының тұрғыны Каспий теңізінің тартылу аймағының видеосын жариялады (видео)
Ақтау қаласының тұрғыны Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің тайыздану ауқымын көрсететін видеомен бөлісті. Видеоны автор Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түпқараған өңіріндегі Сартастағы теңіздің тайыздануының ауқымы жанды ауыртады. Каспий бізден 300-350 метрдей алыстап кеткен", – деп жазды ол.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі Фахреддин Гадиров егер Каспий су деңгейінің төмендеуі тағы 25-30 жыл бойы жалғаса берсе, су қоймасы 2009 жылдың жазында оңтүстік бөлігі кеуіп кеткен Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін екенін айтқан болатын.
Бұған дейін Каспий теңізі жағалаулары мен түбінің геоморфологиясы бөлімінің меңгерушісі, география ғылымдарының докторы Әмір Әлиев жаһандық климаттың өзгеруі Каспий теңізін апатқа апарып жатқанын айтқан болатын.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады