Каспий теңізі апаттық жағдайда – Маман болжамы
Бакудегі Ғасан Әлиев атындағы география институтының Каспий теңізі жағалаулары мен түбінің геоморфологиясы бөлімінің меңгерушісі, география ғылымдарының докторы Әмір Әлиев жаһандық климаттың өзгеруі Каспий теңізін апатқа апарып жатқанын айтты. Айтуынша, теңіз өз акваториясының үштен бірінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Вестник Кавказа” басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, аптап ыстық кезінде күн астында жатқан теңіз түбінің ондаған шақырымы кеуіп қалған беткейге айналған. Профессор 21 ғасырдың соңына қарай теңіздегі су деңгейі 9-18 метрге төмендеуі мүмкін екенін болжайды.
"Бұл су қоймасы өз аумағының 34 пайызынан айырылады дегенді білдіреді. Салдарынан теңізге шығу мүмкіндігі бар барлық елдер үшін бұл үлкен мәселеге айналуы мүмкін", - деп болжады Әлиев.
Ғалым бұл мәселені Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Иран және Түркіменстан елдерінің бірігіп шешуі керектігін баса айтты.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?