Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібекті асырап алған белгиялық келіншек қайтыс болды

Журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде Жәнібекті асырап алған анасы қайтыс болғанын хабарлап, көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тележүргізушінің айтуынша, Валери эвтаназиямен (айықпас дертке шалдыққан және адам төзгісіз азапты бастан кешірген адамның өмірін тоқтату) өмірімен қош айтысты.

“Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…” – деп жазды журналист.

Жазбаның астына Жәнібектің өзі де пікір қалдырды.

“Мені қолдаған туған елімдегі әр отбасыға алғыс айтамын. Мен сіздерді жақсы көремін. Жақында сіздермен тағы қауышуға асықпын”, – деді Жәнібек.

Желі қолданушылары Жәнібектің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Бұған дейін белгиялық келіншек Валеридің Жәнібекті асырап алу үшін делдалға 12 мың доллар төлегені туралы жазған едік.

 

Талқылау