Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы аталды
The Ring журналисі Энсон Уэйнрайт қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО) арасындағы жекпе-жекті көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кеше түнде Сергей Деревянченко жеңіске жетті. Мен оның Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жегін көргім келеді. Бұл алынбайтын қамалға қарсы тұратын күш",- деп жазды Уэйнрайт твиттер парақшасында.
2019 жылы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте Головкин бірауыздан жеңіске жетті. Алайда көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар Деревянченконы жеңімпаз деп санады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы

