Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан кубогы аясында ойын өткізген "Қайрат" "Ақсу" командасымен тең түсті

Алмытылық "Қайрат" футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің төртінші турында павлодарлық "Ақсумен" тең түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қайрат

Есепті алаң иелері – "Ақсу" командасы ашты. Екінші минутта Марат Дамир гол соққан. Ал "Қайрат" 24-минутта пеналтиден гол соғып, есепті теңестірді. 

Алайда 82-минутта "Қайраттың" ойыншысы Вадим Ульянов қызыл карта алып қалды. Сондықтан "Ақсу" командасы ойыншылар саны бойынша басымдыққа ие болды. 

"Қайрат" келесі матчты 7 тамызда "Ордабасыға" қарсы өткізеді. 

Талқылау