Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуін қашан қорғайтыны белгілі болды
Орта салмақтағы қазақстанды боксшы, WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қашан қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ESPN дереккөзінің мәліметінше, аталған кездесу қарашада Top Rank бокс кешінің бірінде өтеді. "Қазақ стилінің" қарсыласы кім екені әлі белгісіз.
Ал Әлімханұлы алдағы уақытта Джермаль Чарломен жұдырықтасып, WBC белбеуін тартып алғысы келетінін мәлімдеді.
"Мен Чарломен жұдырықтасып, WBC титулын иеленгім келеді. Бұл оңай жұмыс болады! Мен оңай жұмыс десем, солай болатынын барлығы біледі. Мен екі экс-чемпионды нокаутқа жібердім, жеңілмеген боксшыны жеңдім. Мен – әлем чемпионымын. Мен барлық чемпионды нокаутқа жіберемін! Кім келесі?" – деді ол.
Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы атанған еді.
Талқылау