Жәнібек Әлімханұлына ресми түрде әлем чемпионы атағы берілді
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) WBO титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа өткен. Осылайша ол белбеуге үміткер болған Әлімханұлымен жұдырықтасудан жалтарып кетті. Сондықтан ұйым қазақстандық боксшыны әлем чемпионы ретінде ресми түрде мойындады.
"Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта "уақытша" әлем чемпионынан толыққанды чемпион мәртебесіне ауысты", – делінген WBO хабарламасында.
Әлімханұлы "уақытша" чемпиондық белбеуге британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңген соң қол жеткізген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

