Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат Мамай: Әнуар Нұрпейісовтің саясатқа араласуы тап-таза арзан хайп

Тәуелсіз журналист Жанболат Мамай Әнуар Нұрпейісов пен Ринат Зайытовтың саясатқа араласуын өздігінше жорамалдады. 

Жанболат Мамай: Әнуар Нұрпейісовтің саясатқа араласуы тап--таза арзан хайп

Мен ояндым деп отандастарын саяси белсенділікке шақырып алып, өзі із-түссіз жоғалып кеткен Әнуар Нұрпейісов желіге қайта оралды. Ринат Зайытов та саяси науқан кезінде белсенді болып, кейін үнсіз қалғаны үшін азаматтардың сынына ұшырады. 

Актер мен айтыскердің бұл әрекетін тәуелсіз журналист Жанболат Мамай өздігінше жорамалдайды. 

"Екеуін бірдей салыстыру мүмкін емес. Мен Ринат Зайытовтың әрекетін теріске шығармаймын. Мүмкін ол шынында да Қазақстанда өзгеріс болуы қалаған шығар. Шынайылықпен саясатқа араласқан шығар деп ойлаймын, бірақ Әміржан Қосановты қолдап өзінің соңғынан ерген он мыңдаған адамды адастырғаны рас. Бірақ ол кешірім сұрады. Ал, актер Әнуар Нұрпейісовтың әрекет тап-таза арзан саяси хайп. Ол өзін таныту үшін істеп жүр", - дейді Жанболат Мамай. 

 

Талқылау